Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті аумақтық бөлімшелермен 2021 жылдың қорытындысы бойынша кеңес өткізді

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті аумақтық бөлімшелермен 2021 жылдың қорытындысы бойынша кеңес өткізді

Бүгін ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінде Комитет төрағасы Бауыржан Байсеркиннің басшылығымен 2021 жылғы қызмет қорытындылары және 2022 жылға қойылған міндеттер бойынша директорат өтті.
Есептік кездесуге Комитеттің, Комитеттің аумақтық департаменттерінің және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының басшылары қатысты.
Директорат барысында Комитет Төрағасы есеп беру кезеңінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық қызметтер сапасын жетілдіру, фармацевтика саласын дамыту және т. б. шеңберінде ауқымды және әлеуметтік маңызы бар жұмыс жүргізілгенін атап өтті.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы қызмет шеңберінде Комитет төрағасының орынбасары Сәуле Ержанова бүгінгі таңда реттеуші органның алдында тұрған негізгі басым міндеттер фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту, дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу, ауылдық жерлердің тұрғындарын дәрілік препараттармен қамтамасыз ету, ұлттық реттеушінің ДДҰ Бенчмаркингінің 3-ші деңгейіне жету, ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың республика нарығына қол жеткізуін оңайлату мақсатында айналысы, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға баға белгілеуді реттеу болып табылатынын атап өтті.
Оның айтуынша, ҚР фармацевтикалық нарығында отандық тауар өндірушілердің үлесі 17% құрайды. 2025 жылға дейін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірісінің үлесін 50%-ға дейін арттыру жоспарлануда.
Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жөніндегі жобаны іске асыру бойынша пилоттық жоба аяқталды. І кезеңде міндетті таңбалануға және қадағалануға жататын дәрілік заттардың тізбесі қалыптастырылды. Дәрілік заттарды цифрлық таңбалау мен бақылап отыруды кезең-кезеңімен енгізу 2022 жылғы 1 шілдеден бастап жоспарланып отыр.
Комитет төрағасының орынбасары Лаура Ахметниязова медициналық қызмет саласындағы бақылау шеңберінде 2021 жылы өтініштер құрылымын талдау кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруда, медициналық ұйымдардағы пациенттерді қолдау қызметтері жұмысының тиімділігінде кемшіліктер бар екенін атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша еліміздің өңірлерінде медициналық қызметтердің сапасын арттыру, фармацевтикалық қызметті дамыту, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстар назарға алынды.