Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілді

Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілді

Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекцияларды жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 ақпандағы № ҚР ДСМ-12 бұйрығы жарияланды.
Бұйрық тиісті дәрілік заттар өндірісіне байланысты фармацевтикалық қызметке лицензиясы бар Қазақстан Республикасы дәрілік заттар өндірушілеріне инспекция жүргізбей 2021 жылғы 1 шілдеге дейін берілген осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес құжаттарды ұсыну туралы өтінім мен кепілдік хат негізінде Тиісті өндірістік практика сәйкестігіне (GMP) сертификат беру жүзеге асырылатындығын көздейді.
Бұдан басқа, инспекциялау субъектісі 2022 жылғы 1 шілдеге дейін осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес өтінім ұсынбаған жағдайда осы тармаққа сәйкес берілген сертификат кері қайтарылады.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес GMP сертификаты Қазақстан Республикасының дәрілік заттарды өндірушілерінде жүргізілген инспекция кезінде түзету және алдын алу іс-қимылдарының жоспары мен оның орындалуы туралы есепті қоса бере отырып, жауапты бағалау нәтижелері бойынша сыни сәйкессіздіктер анықталған және анықталған сәйкессіздіктер жойылмаған кезде инспекция жүргізбестен кері қайтарып алынуы мүмкін.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады:
http://zan.gov.kz/client/#!/doc/164319/kaz