
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 жаңа қаулыға қол қойды.
Қаулымен Қазақстан халқына КВИ қарсы профилактикалық егулерді ұйымдастыру және жүргізу алгоритмі және КВИ профилактикасы бойынша вакциналарды сақтау және тасымалдау регламенті, сондай-ақ басқа да санитариялық-профилактикалық іс-шаралар бекітілді.
Қаулыға сәйкес коронавирусқа қарсы профилактикалық егулерге Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын шетел азаматтарын қоса алғанда, КВИ-ді жұқтыру қаупі жоғары адамдар, сондай-ақ осы инфекцияға қарсы профилактикалық егуді алғысы келетін адамдар жатады.
КВИ-ге қарсы профилактикалық егулерді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бір рет әкелуге рұқсаты бар вакциналар қолданылады.
12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдерге КВИ-ге қарсы профилактикалық егулер жүргізу үшін азаматтардың осы санаттары үшін ұсынылған «Комирнати» (Пфайзер, АҚШ) вакцинасы қолданылады.
18 жасқа толған жасөспірімдер «Комирнати» вакцинасының бірінші дозасын алғаннан кейін егулер арасындағы аралықты сақтай отырып, осы вакцинаның екінші дозасын алу арқылы вакцинация курсын аяқтайды.
Жүктілік басталғанға дейін КВИ-ге қарсы вакцинаның бір дозасын алған әйелдерге КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсын жүктіліктің 16-37 аптасында «Комирнати» вакцинасының бір дозасымен (Пфайзер, АҚШ) аяқтау ұсынылады.
«Профилактикалық егулерді жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № ҚР ДСМ-146/2020 бұйрығына сәйкес профилактикалық егулерге тұрақты және уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жатпайды.
Бұдан басқа, «Комирнати» вакцинасын (Пфайзер) қолдана отырып, медицина
қызметкерлеріне, 60 және одан жоғары жастағы адамдарға КВИ-ге қарсы ревакцинациялау жүргізуге жол беріледі.
Құжаттың толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/kkkbtu/press/news/details/312116?lang=kk