
Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында санитариялық-карантиндік шараларды қатаңдату жөнінде шешім қабылданды.
Келесі шаралар енгізіледі:
- «жасыл» мәртебесі бар тұлғаларға ғана сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен караокеге кіруге рұқсат беру туралы норманы ұзарту;
- 13 қаңтардан бастап "омикрон" штамын ескере отырып, СПА-ға, спорттық-сауықтыру және фитнес-орталықтарына тек «жасыл» мәртебесі бар адамдарға рұқсат беру;
- 15 қаңтардан бастап вакцинациялану мәртебесіне қарамастан шетелден келгендердің барлығында теріс ПТР тестінің міндетті түрде болуы;
Сондай-ақ, "қызыл" аймаққа кірген Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және Атырау облысында шектеу шараларын күшейту ұсынылды. Атап айтқанда:
- 30 адамның қатысуымен "Ашық" нысандарында өткізілетін еске алу шараларын қоспағанда, бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
- ойын-сауық, мәдени ұйымдардың қызметіне, діни шараларды және әртүрлі конференциялар мен семинарларды өткізуге тыйым салу;
- Қоғамдық тамақтану орындарындағы бір үстелдегі адамдар санын 4 адамға дейін азайту;
- оқушылардың онлайн нысанындағы оқулары 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін, орта және жоғары оқу орындарының барлық курстағы студенттері үшін 2022 жылдың 6 ақпанына дейін;
- білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің жұмысын онлайн-форматқа көшіру;
- мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 70% - ы қашықтықтан жұмыс істеуге көшуі тиіс;
- әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі үшін қоғамдық көлік санын көбейту.