
2021 жылғы 24 Желтоқсанда ЕЭК Кеңесінің отырысында ЕАЭО шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге жаңа өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.
Бұл өзгерістер ұлттық тіркеу режимін бір жылға – 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартуға қатысты.
Тараптар хаттаманы мемлекетішілік рәсімдерге жіберуді және қол қоюды мақұлдады. Хаттама тараптар бұрын мақұлдаған келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы толықтырады, ол бұрын тіркелген медициналық бұйымдардың айналысын олардың тіркеу куәліктерінің қолданылу мерзімі өткенге дейін ұзартады.
Дереккөз: ЕЭК ресми сайты.