Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнімен!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнімен!

Бүгін қазақстандықтар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде!
Біздің еліміз үшін бұл шын мәнінде ең маңызды мерекелердің бірі.
1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес «Мемлекеттің тәуелсіздігі және егемендігі туралы» Заңды қабылдады, ал ҚР Тұңғыш Президенті қызметіне кіріскеннен кейін 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойды.
Содан бері Қазақстан тәуелсіз және егемен елге айналды.
Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстан көптеген қиындықтар мен міндеттерді еңсеріп, маңызды жетістіктерге қол жеткізді, соның арқасында бүгінде біз осы нәтижелерді сезініп, әлемдік аренада санасуға мүмкіндік алдық.
Барлық отандастарымызды осы мерекемен құттықтаймыз!
Елімізге өсіп-өркендеуді, алға қойған жоғары мақсаттарымыздың іске асуын және ашық аспан астында бейбіт өмір тілейміз!
Тәуелсіздік Күні Құтты Болсын!