Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің қызметкерлері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай марапаттармен марапатталды

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің қызметкерлері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай марапаттармен марапатталды

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин Комитет ұжымын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, мемлекеттік және ведомстволық марапаттарды табыс етті.
Төраға Қазақстанда Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде денсаулық сақтау саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізілгенін, жоғары сапалы дәрілік заттар пайда болғанын, клиникалар заманауи жабдықтармен жабдықталғанын, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы артқанын атап өтті. Ол мұның барлығы денсаулық сақтау қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің, кәсібилігі мен еңбексүйгіштігінің арқасында екенін айтты.
Комитеттің аумақтық департаменттерін есепке алғанда барлығы 54 адам марапатталды.
«Құрмет» орденімен ҚР ДСМ МФБК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Сәбит Әмзебекұлы Искендиров марапатталды.
«Парасат» орденімен ҚР ДСМ МФБК Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалия Әбсадыққызы Бәйменова марапатталды.
Сондай-ақ, Еңбек үздігі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалі ҚР ДСМ МФБК фармацевтикалық инспекторат және интеграция басқармасының басшысы Жанар Қапешқызы Ордабековаға табыс етілді.
ҚР ДСМ МФБК медициналық қызметті профилактикалық бақылау басқармасының бас сарапшысы Балхаш Рамазанқызы Әбілқасымова «Шапағат» медалімен және «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды:
Ержанова Сәуле Амантайқызы - ҚР ДСМ МФБК төрағасының орынбасары
Мергенбаева Асем Скакбековна - ҚР ДСМ МФБК медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау басқармасының басшысы
Балтабекова Динара Жұмағалиқызы - ҚР ДСМ МФБК фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы
Мұқатаева Жанна Әділханқызы - ҚР ДСМ МФБК кадр және ұйымдастыру-құқықтық жұмысы басқармасының басшысы.
Айта кетейік, Мергенбаева Әсем Скакбековнаға ҚР Премьер-Министрінің алғыс хаты табыс етілді.
«Халық алғысы» медалімен ҚР ДСМ МФБК медициналық қызметті профилактикалық бақылау басқармасының басшысы Әлия Саутқызы Жамбаева марапатталды.  
ҚР ДСМ МФБК қаржылық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу басқармасының бас сарапшысы Айгүл Рауельқызы Душаева және ҚР ДСМ МФБК фармацевтикалық инспекторат және интеграция басқармасының бас сарапшысы Айжан Әбділлаханқызы Ақылбек ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Комитет төрағасының Алғыс грамотасымен ҚР ДСМ МФБК медициналық қызметті профилактикалық бақылау басқармасының бас сарапшысы Құдайбергенова Эльмира Шакерханқызы марапатталды.
Сонымен қатар, аумақтық департаменттер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері Құрметті марапатталармен марапатталды.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, бақыт, жұмыста табыс және бейбіт аспан тілейміз!