
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 54 жаңа қаулыға қол қойды, онда ревакцинация жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Осылайша, енді бастапқы курсты аяқтағаннан кейін 6 айдан кейін коронавирустық инфекциядан қайта вакцинациялауға болады.
Қаулыға сәйкес ревакцинацияға мынадай талаптар бекітілді:
- Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын, КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсын толық аяқтап алған шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жатады;
- КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсы аяқталғаннан кейін 6 ай аралықпен бір рет жүргізіледі;
- бұрын КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсын алған жүкті әйелдерді КВИ-ге қарсы ревакцинациялау жүктіліктің 16-37 аптасы кезеңінде «Комирнати» (Pfizer, АҚШ) вакцинасын пайдалана отырып жүргізіледі;
- КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсын толық алған КВИ-мен ауырып жазылған адамдарды КВИ-ге қарсы ревакцинациялау сауыққаннан кейін 6 айдан кейін жүргізіледі;
- КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсында қолданылмаған вакцина түрлерімен (белсенділігі жойылған вакцина, векторлық вакцина, М-РНК-вакцина) жүргізу ұсынылады;
- КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсы үшін пайдаланылған КВИ-ге қарсы вакцинамен ревакцинация жүргізуге жол беріледі.
Құжаттың мәтінімен мына сілтеме бойынша толық танысуға болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/kkkbtu/press/news/details/297998?lang=kk