1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні!

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні!

Сіздерді мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен құттықтаймыз!
Тәуелсіз Қазақстан үшін еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың орны ерекше және елеулі.
Бұл мереке дәл осы күні бекітілгені кездейсоқ емес.
1991 жылы 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев бүкілхалықтық сайлауда ҚР Президенті лауазымына сайланды, онда ол сайлаушылардың 88,2% келуімен 98,78% дауыс алды.
Елбасының басшылығымен республикадағы саяси, экономикалық және әлеуметтік өсудің дамуына елеулі үлес қосқан түрлі іс-шаралар жүзеге асырылды.
Зор денсаулық, алға қойған мақсаттарды іске асыру, бірлік тілейміз.
Біздің Қазақстан гүлдене берсін!