3 желтоқсаннан бастап Қазақстанда омикрон-штаммға байланысты жаңа шектеулер енгізіледі

3 желтоқсаннан бастап Қазақстанда омикрон-штаммға байланысты жаңа шектеулер енгізіледі

Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов ведомствоаралық комиссияда биылғы 3 желтоқсанынан бастап «Омикрон» коронавирустық инфекция штаммының жаңа нұсқасының әкелінуіне және таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстанда кейбір шектеулер енгізу туралы шешім қабылданғанын хабарлады.
ВАК шешімімен мынадай шаралар қабылданды:
- Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу;
- «Омикрон» нұсқасынан туындаған КВИ жағдайлары анықталған елдерден, бүгінгі күні бұл елдер – Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египет. Осы елдерден келетін адамдар үшін вакцинациясы бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР тестілеудің бар болуын енгізу;
- «Омикрон»-нан туындаған КВИ жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге үй карантиніне оқшаулануы тиіс; 
- Бельгияда Египеттен келген адамнан «Омикрон» штаммынан КВИ жағдайының анықталғанын және Египеттен келетін жолаушылар санын (қараша 13 мыңнан астам адам) ескере отырып, Египетпен әуе қатынасын тоқтата тұру. ҚР-да таралған короновирус инфекциясы штамдарын секвенерлеу жұмыстарын жалғастыру;
- ҚР-да таралған коронавирус инфекциясы штамдарын секвенерлеу жұмыстарын жалғастыру.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын ала деректеріне сәйкес жаңа штамм «Дельта» нұсқасынан да қауіпті, әрі тез таралады.
Осы шектеу шаралары 2021 жылғы 3 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.