
Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде соңғы айда коронавирустық инфекциямен ауыру 2,4 есеге – 1866-дан 773 жағдайға дейін төмендегенін хабарлады.
Бұл ретте, инфекциялық төсектердің қамтылуы – 30%, реанимациялық төсектердің қамтылуы – 25% - ды құрайды.
Министр қазіргі уақытта Қазақстан жасыл аймақта, сондай-ақ жасыл аймақта 11 өңір бар екенін атап өтті. Қызыл аймақта - Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары, орташа тәуекел аймағында (сары аймақта) - Қарағанды, Қостанай, Ақмола облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы орналасқан.
«Қазақстанға Comirnaty/Pfizer вакцинасының 645 мың дозасы келіп түсті. Бүгінгі таңда 35 012 бала, оның ішінде 26 354 бала және 8 658 жүкті және бала емізетін әйелдер егілді. Вакцинаны жеткізу апта сайын жалғасуда», - деді Алексей Цой.
Отырыс барысында министр сондай-ақ КВИ және ЖРВИ ауруларын бақылау бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасып жатқанын айтты.