Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен ДЗСҰО жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесіне өзгерістер енгізілді

Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен ДЗСҰО жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесіне өзгерістер енгізілді

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-107 бұйрығы жарияланды, онда мемлекеттік монополия субъектісі, яғни дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесіне өзгерістер енгізілді.
Бұйрыққа сәйкес 4-тармақ мынадай редакцияда жазылған:
«4. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасқан субъектілердің тиісті зертханалық практикасының (GLP), тиісті клиникалық практикасының (GCP), тиісті өндірістік практикасының (GMP) талаптарына сәйкестігіне фармацевтикалық инспекция жүргізу, медициналық бұйымдар инспекциясын жүргізу, дәрілік заттың тіркеу куәлігін ұстаушының фармакологиялық қадағалау жүйесінің инспекциясын және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін мониторингтеуді жүргізу».
Бұдан басқа, тізбеден мынадай жүзеге асыру функциялары Алып тасталды:
- бақылау-талдамалық қызмет көрсетуді және дәріхана жағдайында дайындалған дәрілік нысандардың сапасын бақылау, химиялық реактивтермен, титрленген ерітінділермен қамтамасыз ету;
- медициналық бұйымның оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесіне сараптамалық бағалауды жүзеге асыру.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады:
http://10.61.42.188/kaz/docs/V2100024883#z4