
Бүгін ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттің төрағасы Бауыржан Байсеркин Ресей Федерациясы өнеркәсіп және сауда министрлігінің Дәрілік заттар және тиісті практика мемлекеттік институтының дипломын және ерекшелік белгісін ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұрлыбек Асылбековке табыс етті.
Нұрлыбек Асылбеков Ресей мемлекеттік GMP-инспекторатының басшылығымен атап өтілді және «ЕАЭО фармацевтикалық өндірісінің тиісті сапа стандарттарын енгізгені және қамтамасыз еткені үшін» ерекшелік белгісімен марапатталды.
Комитеттің төрағасы Н. Асылбековты құттықтап, тиісті сапа стандарттарын дамытуға және жетілдіруге қосқан елеулі үлесі үшін алғыс айтты.
Бұған дейін Дәрілік заттар және тиісті практика мемлекеттік институтының директоры Владислав Шестаков мұндай марапаттар жыл сайын GMP-конференциясы аясында берілетінін атап өткен болатын.
Нұрлыбек Асылбековті лайықты марапатымен құттықтаймыз! Зор денсаулық және кәсіби табыс тілейміз!
