
«Ашық НҚА» нормативтік-құқықтық актілер порталында «COVID-19 коронавирустық инфекциясының пандемиясына қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған жедел іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы жарияланды.
Жоба «Еліміздегі коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы» ҚР Президентінің төрағалығымен өткен 2021 жылғы 19 шілдедегі кеңес хаттамасының 2.2.4-тармағына сәйкес әзірленді.
Жобаның мақсаты ел экономикасына айтарлықтай зиян келтірместен, халық арасында вирустың тұрақты айналымы жағдайында мемлекеттің жұмыс істеуіне көшу жөніндегі шараларды айқындау болып табылады.
Әзірленген жоспарға сәйкес, COVID-19 вирусының тұрақты айналымы жағдайындағы өмірге көшу стратегиясы мынадай негізгі бағыттарды қамтуы тиіс:
- Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттеріндегі бақылау;
- Ақпараттық жүйелерді дамыту арқылы эпидемияға қарсы іс-шаралар;
- Вакцинациямен қамтуды кеңейту;
- Халыққа медициналық көмек көрсету және оңалту;
- Коммуникациялық стратегия;
- Коронавирустық инфекция пандемиясына қарсы іс-қимыл бойынша ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту.
Жобаны қоғамдық талқылау 2021 жылдың 14 қазанына дейін жалғасады.
Жоба құжаттарымен сілтеме бойынша танысуға болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/documents/details/217953?lang=kk