
2021 жылғы 28 қыркүйекте ҚР Үкіметінің отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан Республикасындағы қазіргі эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады.
Министр өз баяндамасында елде COVID-19 коронавирустық инфекциясымен аурушаңдығының төмендегенін хабарлады. Осылайша, соңғы екі аптада аурушаңдығы 36% - ға төмендеді. Сондай-ақ, ол тамыздың екінші жартысынан бастап эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады. КВИ сырқаттану 3,2 есеге (аптасына 54914-тен 17341 жағдайға дейін), ал өлім-жітім 2,7 есеге (аптасына 945-тен 346 жағдайға дейін) төмендеді.
«Соңғы айда науқастар саны тәулігіне 3,6 есе азайды, сондай-ақ, стационарлық емделудегі науқастар санының 27 тамыздағы жағдай бойынша 25 мыңнан 27 қыркүйектегі жағдай бойынша 10,5 мың адамға дейін 2,4 есе азайғаны байқалады, амбулаториялық емделудегі науқастар саны 89 мыңнан 51 мың науқасқа дейін 1,7 есе азайды. Сонымен қатар, 23 тамыздан бастап бір тәулік ішінде сауыққан науқастардың саны бір тәулік ішінде ауырғандардың санынан асып түсетінін атап өткім келеді, бұл да эпиджағдайдың тұрақтанғанын көрсетеді», - деді Алексей Цой.
Бұдан басқа, 1 тамыздан бастап инфекциялық төсектердің жұмыспен қамтылу деңгейі 56-дан 33% - ға дейін, реанимациялық төсектер 45-тен 32% - ға дейін төмендегені байқалады. Республика бойынша 25 мың төсектік 57 ковидтік стационар жабылды.
Дереккөз: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі