
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында елімізде вакцина қоры жеткілікті және қазақстандықтардың таңдау мүмкіндігі бар екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Мемлекет Басшысы отандық QazVac препаратына сенім білдіріп, қазақстандық вакцинаға өзге мемлекеттер де сұраныс танытатынын атап өтті.
«Елімізде жаппай екпе салу жүріп жатқанымен, қоғамда оған қарсы адамдар әлі де көп. Олар өздері бас тартып қана қоймай, халықты кері үгіттеуде. Соның кесірінен қаншама жұртты адастыруда.
Мұндай адамдар өзінің ғана емес, өзгенің өмірі үшін де жауап беретінін түсінуге тиіс. Сондықтан, екпе алуға қарсы үгіттеп жүргендердің кетпеген жөн.
Адамзат көптеген індетті бастан өткерген. Вакцина пайда болғаннан кейін ғана қауіпті дерттерге тосқауыл қойылғанын ұмытпауымыз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Президент алдағы уақытта әлемде коронавирустың жаңа штамдары пайда болуы мүмкін екенін, сондықтан осындай жағдайда өмір сүріп әрі қарай дамуға бейімделу керек екенін атап өтті.