
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында карантиндік режимді жеңілдетуге қатысты бірқатар шешімді мақұлдады.
1. 2021 жылғы 28 тамыздан бастап:
- «Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілеріне демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына – «Ashyq» қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің «жасыл мәртебесі» (вакцина алғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат;
- сенбі күні – қоғамдық көлік қызметіне рұқсат беріледі.
2. Осы жылғы 30 тамыздан бастап жұмыс күндері:
- «Ashyq» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, «Ashyq» жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылды;
- бұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласында карантиндік шаралардың жеңілдетілуін демалыс күндеріне биылғы 4 қыркүйектен бастап, ал жұмыс күндеріне биылғы 6 қыркүйектен бастап енгізу жоспарлануда.
Дереккөз: https://primeminister.kz/