Sinopharm Қытай вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанға жеткізілді

Sinopharm Қытай вакцинасының алғашқы партиясы Қазақстанға жеткізілді

2021 жылғы 10 тамызда Sinopharm компаниясынан Қытай вакцинасының бірінші партиясы бар ұшақ Алматы қаласына келді.

ҚР-да коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия мен ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің тапсырмасы негізінде Бірыңғай дистрибьютор Бейжің биологиялық өнімдер институты әзірлеген Covid-19 sinopharm вакцинасының 4 млн.дозасын сатып алуды жүзеге асырды.

            Қытай вакцинасының бірінші партиясы 1 миллион дозадан тұрады. Sinopharm вакцинасы жақын арада Қазақстан Республикасының азаматтарына қол жетімді болады. Вакцинаны стикерлеу рәсімі аяқталғаннан кейін жедел тәртіпте еліміздің өңірлеріне жіберіледі.

Sinopharm вакцинасының ерекшелігі - оны жеткізу процесі мұздатқышты қажет етпейді, +2 +8 градус температурада сақталады және тасымалданады.

Синофармның Қытай вакцинасы ДДҰ-мен 2021 жылдың 7 мамырында қолдануға мақұлдады. Вакцина белсенді емес, екі дозалы. Сақтау мерзімі - 24 ай.