
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № ҚР ДСМ-68 «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін қалыпастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы жарияланды.
Бұйрыққа сәйкес тізбе амбулаториялық жағдайларда алғашқы медициналық - санитариялық және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде бюджет қаражаты және (немесе) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен сатып алынатын дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды мен бейімделген емдік өнімдерді қамтиды.
Бұдан басқа, тізбе ҚР белгілі аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттары бөлінісінде дәрілік заттардың, медициналық бұйымдар мен бейімделген емдік өнімдердің атаулары мен сипаттамаларын қамтиды.
Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету тізбесіне аурулар:
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тіркелімінде № 21263 болып тіркелді) Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесінде;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тіркелімінде № 21262) Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесінде;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ - 142/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тіркелімінде № 21479) Орфандық аурулар тізбесінде ;
- амбулаториялық жағдайда медициналық көмек көрсету үшін дәрілік затты немесе медициналық бұйымды медициналық қолдану көрсетілімдерінің клиникалық хаттамасында болған кезде енгізіледі.
Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету тізбесіне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қосу тәртібі өзіне мыналарды қамтиды:
- Денсаулық сақтау технологияларын бағалау кіретін уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымына (бұдан әрі – Орталық) өндірушінің немесе оның Қазақстан Республикасындағы ресми өкілінің өтінішін беруі;
- Орталықтың кәсіптік сараптама жүргізуі;
- Орталықтың Формулярлық комиссия үшін кәсіби сараптама нәтижелері бойынша қорытынды дайындауы;
- кәсіби сараптама нәтижелері бойынша қорытынды негізінде Формулярлық комиссияның қарауы және шешім қабылдауы;
- уәкілетті органның амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету тізбесін қалыптастыруы.
Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады:
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023783