
Денсаулық сақтау министрлігінде үкіметтік емес ұйымдардың, қоғам өкілдерінің және ҚР ДСМ құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен онлайн-кездесу өтті, онда 2021-2025 жылдарға арналған «Саламатты ұлт» азаматтарға арналған сапалы әрі қолжетімді денсаулық сақтау жүйесі» ұлттық жобасы талқыланды.
Ұлттық жоба 4 бағыт және 8 міндетті қамтып, 20 көрсеткіш бойынша 83 іс-шарадан тұрады.
Бірінші бағыт – «қолжетімді және сапалы медициналық көмек» шеңберінде халықты денсаулық сақтау қызметтерімен кеңінен қамту, жүкті әйелдердің және балалардың денсаулығын сақтауға арналған міндеттер белгіленді.
Екінші бағыт – «эпидемиологиялық болжау және қарсы әрекет етудің заманауи жүйесін қалыптастыру» бойынша инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалаудың қазіргі заманғы моделіне көшу және халықтың заманауи және дәлдігі жоғары зертханалық сараптамаға қолжетімділігін кеңейту ұсынылады.
«Отандық өндірістегі қолжетімді дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар» бағыты бойынша фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіптің ғылыми, кадрлық әлеуетін арттыру, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың отандық өндірісі дамыту жоспарланған.
«Саламатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттыру және бұқаралық спортты дамыту» бағыты бойынша қоғамның барлық санаттарын дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен шұғылдануға ынталандыру, тұрғындардың спорт объектілерімен қамтылу деңгейін арттыру бойынша нақты міндеттер белгіленді.