QazVac вакцинасын сақтаудың жаңа ережелері бекітілді

QazVac вакцинасын сақтаудың жаңа ережелері бекітілді

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 2021 жылғы 11 шілдедегі № 28 қаулыға толықтыруларды енгізді, онда қазақстандық QazVac (QazCovid-in) вакцинасын сақтаудың жаңа ережелері белгіленген.
Қаулыға сәйкес 58-1-тармақ мынадай редакцияда толықтырылды:
«58-1. QazCovid-in вакцинасын шығару нысаны: 0,5 мл (бір доза), 1,0 мл (екі доза), 1,5 мл (үш доза), 2,5 мл (бес доза), сыйымдылығы 3 мл, резеңке тығынмен тығындалған және Flip-off типті пластикалық қақпағы бар металл қалпақпен оралған, Ι класты түссіз шыныдан жасалған құтыда. Вакцинаның ашық құтысы асептика жағдайларының бұзылу қаупіне байланысты ашылғаннан кейін сақталмайды және бірден пайдаланылады.
Вакцинасы бар көп дозалы құтыны ашу вакцинаның құйылуын барынша азайту үшін 3 немесе 5 (құтының көлеміне сәйкес) әлеуетті егілетін адамдар болған кезде ұсынылады».
Отандық вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіліміне енгізілген. Оның толық қауіпсіздігі дәлелденді, вакцина коронавирус инфекциясына қарсы тұрақты иммунитетті қалыптастырады.