
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 шілдедегі бұйрығымен «Иммунологиялық дәрілік препараттарды (иммундық-биологиялық дәрілік препараттарды) сақтауға, тасымалдауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» бекітілді.
Бекітілген ережелерге сәйкес иммунологиялық дәрілік препарат (иммундық-биологиялық дәрілік препарат) (бұдан әрі – ИДП) - бұл белсенді немесе бәсең иммунитетті қалыптастыруға немесе иммунитеттің бар-жоғын диагностикалауға немесе аллергия тудыратын заттарға иммунологиялық жауаптың өзіндік жүре пайда болған өзгерісін диагностикалауға (дайындауға) арналған дәрілік препарат.
Бұйрыққа сәйкес ИДП-ны, оның ішінде қайтарылған, жарамсыз, кері қайтарылған, қолданудан алып тасталған немесе қолданылуы тоқтатыла тұрған ИДП-ны тасымалдау осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ИДП-ны тасымалдаудың температуралық жағдайлары кезінде барынша қысқа, салынғаннан кейін 48 сағаттан аспайтын мерзімде салқындату элементтері бар термоконтейнерлерде немесе тоңазытқышпен жабдықталған арнайы автокөлікте (авторефрижераторда) жүзеге асырылады.
Бұдан басқа, ИДП-ны сақтау және тасымалдау осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ИДП-ны сақтаудың температуралық жағдайы кезінде салқындату тізбегі сақтала отырып жүзеге асырылады.
Құжаттың толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023627