ЕЭК Кеңесі GMP Қағидаларына жаңа Қосымшаны бекітті

ЕЭК Кеңесі GMP Қағидаларына жаңа Қосымшаны бекітті

Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесі тиісті өндірістік практиканың Қағидаларына (GMP) №15 Қосымшасының жаңа редакциясын қабылдады.
Жаңа Қосымшаға сәйкес GMP Қағидаларына өндірістік процестердің валидациясы мен біліктілігіне кеңейтілген тәсілдер белгіленеді.
Бұл ретте валидацияны өндіріс процесінің үздіксіз верификациясымен, өндіріс процесінің жалғасатын варификациясымен немесе жеке сатылардың верификациясымен алмастыру мүмкіндігіне нұсқаулықтар енгізіледі. Сонымен қатар, өндірушілер өндіріс процесінің валидациясында гибридті тәсілді қолдана алады.
Өзгерістер нәтижесінде GMP ережелері қолданыстағы еуропалық редакциямен синхрондалады.
GMP Қағидаларының жаңа Қосымшасының нұсқасы өндірушіге жүйенің немесе өндіріс процесінің жақсы зерттелгенін, дұрыс конфигурацияланғанын және жұмыс істейтінін, өнімнің сапасын бақылаудың сенімді жүйесіне ие екенін және берілген сапа параметрлері бар өнімді шығаруды қамтамасыз ететіндігін растауға мүмкіндік береді.

Дереккөз: https://eec.eaeunion.org/