
Қазақстанда медицина қызметкерлері күніне орай 2021 жылғы Денсаулық сақтау жүйесіндегі Үздік провизор атағы үшін конкурс өтті.
Бұл жыл сайынғы республикалық конкурс, оған еліміздің барлық өңірлерінен провизорлар қатысты. Іріктеу қағидаларына сәйкес үздік мамандарды Конкурстық комиссия анықтайды. Жеңімпаздарды жариялау онлайн форматта өтті.
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Сәуле Ержанованың төрағалығымен өткен байқаудың қазылар алқасының құрамына фармацевтикалық қауымдастықтардың бірінші басшылары кірді. Олардың ішінде: «ФармМедИндустрия» қауымдастығының президенті Гүлдария Манақпаева, «Клиникалық фармакологтар мен фармацевтердің кәсіби қауымдастығы» РҚБ қауымдастығының вице-президенті Нұргүл Алдиярова, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызмет қолдау және дамыту Ассоциациясы» ТЗТ қауымдастығының президенті Марина Дурманова бар.
Байқау қорытындысы бойынша Павлодар облысының Шарбақты ауылының провизоры Валентина Быковец Жылдың үздік провизоры атанды.
Валентина Быковец Шымкент мемлекеттік фармацевтика институтын «Провизор» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек өтілі 34 жыл. «Адам және дәрі-дәрмек – Қазақстан» 11 халықаралық конгресіне қатысқан. Қазіргі уақытта Валентина Быковец «Формат KZ» ЖШС дәріханасында фармацевт болып жұмыс істейді.
Сонымен қатар, қазылар алқасының мүшелері байқаудың басқа да қатысушыларын атап өтті. Осылайша, дәрілік заттар айналымы саласындағы Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін дипломдармен келесі провизорлар марапатталды:
1 орын - Ержан Қордабаев - «КФК «Медсервис Плюс» ЖШС филиалы Батыс Қазақстан облысының дәріхана қоймасының меңгерушісі;
2 орын - Анастасия Фомичева - Алматы облысының қатысушысы, «Фомичева А. Ф.» ЖК жетекшісі;
3 орын - Әлия Төлегенова - Қызылорда қаласынан провизор. Еңбек қызметін «Зерде-Фарма» ЖШС дәріханасында жүзеге асырады.
Сондай-ақ, «Үздік бейне» номинациясында Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданынан Нағима Бұхарбаева марапатталды.
Ал «Үздік есеп» номинациясы бойынша комиссия мүшелері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Көп салалы медициналық орталық» МКК Клиникалық фармация бөлімінің басшысы Еркеш Кәрімбаеваны анықтады.
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және Сіздердің еңбектеріңіз үшін Алғыс білдіреміз.
Келе жатқан медицина қызметкерлері Күнімен құттықтаймыз!
