Фармқоғамдастық өкілдері Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасымен өздерін толғандырған мәселелерді талқылады

Фармқоғамдастық өкілдері Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасымен өздерін толғандырған мәселелерді талқылады
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінде фармқоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу ҚР ДСМ МФ БК төрағасы Бауыржан Байсеркиннің жетекшілігімен өтті.
Кездесуге фармацевтикалық қауымдастықтардың бірінші басшылары, «СҚ Фармация» ЖШС басқармасының төрағасы, «ДЗ мен МБ СҰО» бас директоры, Тәуелсіз экзаменация ұлттық орталығы басқармасының төрағасы, сонымен қатар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.
Мәжіліс барысында дәрілік заттарды міндетті таңбалау мен қадағалауды енгізу мәселелері қозғалды. Бұдан бөлек, дәрілік заттарға және медициналық бұйымдарға мерзімі шектеусіз тіркеу куәліктерін беру мәселесі талқыланды. Фармацевтикалық мамандарды сертификаттау мәселесіне де айрықша назар аударылды.
Сертификаттаудың фармацевтикалық нарықта көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін атап өтеміз. Өз кезегінде, Комитет фармацевтикалық қауымдастықтардан келіп түсетін ұсыныстар үшін ашық және толғандыратын мәселелердің бәрін айқын талқылауға дайын. Осы мақсатта фармқоғамдастық өкілдерімен осындай кездесулер жүйелі өткізілетін болады. Қабылданған шешімдермен Комитеттің ресми дереккөздері арқылы толық танысуға болады.