Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы шетелдік вакциналар қалай тіркеледі?

Қазіргі уақытта вакциналар COVID-19-ға қарсы күрестің маңызды құралы болып табылады. Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген вакциналарды сатып алуды жеделдетуді тапсырды. Өз кезегінде, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген вакциналарды тіркеу халықты сапалы вакциналардың жеткілікті санымен қамтамасыз етеді және ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына ықпал етеді.

Алдымен Қазақстанда қазіргі уақытта COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакциналарды тіркеу механизмі қалай құрылғанын түсіндіргім келеді.

Біріншіден, ҚР аумағында айналыста жүрген дәрілік заттарға тіркеу куәліктерін ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті береді. COVID-19 вакциналары да ерекшелік емес. Вакциналарға барлық уақытша тіркеу куәліктерін Комитет Қазақстан Республикасында өндірілген COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 850 қаулысының негізінде береді.

COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу қағидалары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі ҚР Кодексінің 6-бабының 9) тармақшасына, «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығына сәйкес әзірленді және COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеуді жүргізу тәртібін айқындайды.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өндірілген COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарға уақытша тіркеу куәлігі Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның тиісті шешімі болған жағдайда және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының вакцинаның өндіруші елде тіркелуінің болуы және өндірістік алаңның GMP талаптарына сәйкестігі туралы қорытындысы негізіндеберіледі. Уақытша тіркеу куәлігі 8 айға дейінгі мерзімге беріледі. 

«Қазақстанда COVID-19-ға қарсы бірнеше вакцина тіркелген, олар ДДҰ тізіліміне енгізілген. Мысалы, біздің азаматтарымыз бұрын ДДҰ 2021 жылғы 7 мамырда қолдануға мақұлдаған Пекин биологиялық өнімдер институты әзірлеген Vero Cell (Sinopharm) вакцинасымен вакцинацияланды. Сондай-ақ, жақын арада Pfizer жеткізілімі күтілуде. Мемлекет басшысының жолдауы аясында ДДҰ мақұлдаған ҚР-да тіркелген вакциналар тізімін кеңейту бойынша белсенді жұмыс жалғасуда», - деді ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин.

Тіркеуден кейін реттеуші органдар барлық қолданылатын вакциналардың эпидемиологиялық тиімділігін мұқият қадағалайды, сондай-ақ қауіпсіздікті бақылау және қауіптерді азайту жөніндегі іс-шараларға мониторинг жүргізеді. Вакциналардың қауіпсіздігін үздіксіз бақылау вакцинаның пайдасы қауіптен асып түсетініне сенімді болуға мүмкіндік береді. 

Қазақстанда тіркелген COVID-19 вакциналарының тізімімен, сондай-ақ медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтармен Комитеттің ресми сайтында танысуға болады.

Дата публикации
14 февраля 2022
Дата обновления
14 февраля 2022
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
10 июля 2026
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНЕ ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ
07 июля 2026
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы
Ақпарат
29 июля 2025
Дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу кезінде GPP стандартының сақталуын қамтамасыз ету шаралары туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы