Меню

Страницы

Статья

ЕАЭО аясында медициналық бұйымдарды тіркеу бойынша өтпелі кезең туралы ҚР Президенті Жарлығының жобасы жарияланды

«Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылау үшін «2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы орналастырылған.
Хаттамаға сәйкес 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы Келісімнің 11-бабына өзгерістер енгізу жоспарланып отыр, оны мынадай редакцияда жазылсын:

«11-бап
Өтпелі кезең

2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін медициналық бұйымды сараптау немесе тіркеу туралы өтініш мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен берілуі мүмкін. Егер медициналық бұйымды сараптау немесе тіркеу туралы өтініш мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін берілсе, медициналық бұйымды тіркеу мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылуы мүмкін.
Мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен тіркелген медициналық бұйым осы мүше мемлекеттің аумағында айналысқа оны тіркеу фактісін растайтын құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін шығарылады және тек қана  осы мүше мемлекеттің аумағында айналыста болады.
Мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен тіркелген медициналық бұйым (оның тіркелу фактісін растайтын мерзімсіз құжат берілген медициналық бұйымды қоспағанда) 2026 жылғы
31 желтоқсанға дейін тиісті өтініш берілген жағдайда мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен қайта тіркелуі (тіркелу фактісін растайтын құжат қайта ресімделген) мүмкін.
Мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен тіркелген медициналық бұйымның тіркеу құжаттарына өзгерістер енгізуге (осы Келісімнің 4-бабының
2-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес жаңа тіркеуді жүргізуді талап ететін өзгерістерді қоспағанда) 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін тиісті өтініш ұсынылған жағдайда жол беріледі».
Жобаны қоғамдық талқылау 2021 жылғы 5 қазанға дейін жалғасады.

Жоба құжаттарымен сілтеме бойынша танысуға болады:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=11632547

Дата публикации
22 сентября 2021
Дата обновления
22 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
10 июля 2026
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНЕ ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ
07 июля 2026
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы
Ақпарат
29 июля 2025
Дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу кезінде GPP стандартының сақталуын қамтамасыз ету шаралары туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы