Меню

Страницы

Статья

Тиісті фармацевтикалық практикаларға сәйкестік сертификаттарын беру бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы бірлескен бұйрықтың жобасы әзірленді

«Ашық НҚА» порталында ҚР денсаулық сақтау министрі мен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Тиісті фармацевтикалық практикалар сәйкестігіне сертификаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру алгоритмі туралы бірлескен бұйрығының жобасы жарияланды.
Бұйрыққа сәйкес пилоттық жоба 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы тиісті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер бекітілгенге дейін іске қосылады.
«Тиісті фармацевтикалық практикалар сәйкестігіне сертификаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі инспекциялар – тиісті өндірістік практика (GMP) және (немесе) тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) тәртібін айқындайды.
Мемлекеттік қызметтерді жеке және заңды тұлғаларға ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын жалпы талаптар тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларына сәйкес белгіленеді.
Қызмет көрсету мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күнді құрайды.
Жобаны қоғамдық талқылау 2021 жылдың 19 қарашасына дейін жалғасады.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=12746906

Дата публикации
08 ноября 2021
Дата обновления
08 ноября 2021
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
10 июля 2026
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНЕ ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ
07 июля 2026
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы
Сұхбат
29 июля 2025
Қазақстандықтар қандай дәрілерді жиі сатып алады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы