2021 жылдың қыркүйегінен бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің барлық аумақтық департаменттерінде маман сертификаттары мен медициналық және фармацевтикалық қызметке лицензиялар беру мәселелерін түсіндіру үшін консультативтік кабинеттер ашылуда.
Консультациялар аптасына бір рет оффлайн режимде және ZOOM-да онлайн-конференция арқылы өткізілетін болады.
Кеңес беру кестесі:бейсенбі (сағат 15.00-16.00).
Күні мен уақыты белгіленген онлайн-конференцияға сілтемелерді кәсіпкерлер ҚР ДСМ МФБК аумақтық департаменттерінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшаларында көре алады, сондай-ақ өңірлік кәсіпкерлік палатасының өкілі арқылы ала алады.