Меню

Страницы

Статья

ЕАЭО елдерінің стратегиялық маңызды дәрі-дәрмектермен және фармсубстанциялармен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру жөніндегі жоспар бекітілді

18-19 қарашада Ереванда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында ЕАЭО елдерінің медициналық қолдануға арналған стратегиялық маңызды дәрілік препараттармен және фармацевтикалық субстанциялармен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру жөніндегі 2024 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Бұл құжат ЕАЭО елдерінің дәрілік нарығын коронавирустық пандемия кезеңіне ғана емес, одан әрі перспективаға да тұрақты дамыту мақсатында әзірленді.
«Жоспардың іс - шараларын іске асыру ЕАЭО елдерінде неғұрлым маңызды дәрілік препараттарды, вакциналарды және фармацевтикалық субстанцияларды өндірудің толық циклын құруға, сондай-ақ дамудың инновациялық векторын күшейтуге ықпал ететін болады. Біздің бастамамызды сыртқы нарықтың турбуленттілігіне қарамастан осындай жоғары деңгейде қолдау, Одақ ішіндегі кооперациялық ынтымақтастықты тұрақты дамыту мен кеңейтудің арқасында ЕАЭО фармацевтика саласының жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді. Комиссия елдермен бірлесіп, өндіруді бірінші кезекте одақта қамтамасыз ету қажет дәрілер мен субстанциялардың тізбесін қалыптастырады», - деді ЕЭК-тің өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян.
Бекітілген жоспар мынадай бірқатар іс-шараларды іске асыруды көздейді:
- «Фармацевтика» бағыты бойынша Еуразиялық технологиялық платформаны қалыптастыру;
- ЕАЭО нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
- тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану;
- дәрілік заттар мен фармацевтикалық субстанцияларды әзірлеудің, өндірудің және дистрибуциялаудың жекелеген кезеңдерін субсидиялау;
- кооперациялық жобаларды қаржыландыру мәселелерін пысықтау.
Жоспарды іске асыру вакциналар өндірісін, оның ішінде коронавирусқа қарсы өндірісті одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Фармацевтикалық индустрияны дамыту жөніндегі құжатты дайындауға салалық сарапшылар мен ғылыми ұйымдар, сондай-ақ Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей фармацевтикалық бизнесінің өкілдері қатысты.

Дереккөз: eec.eaeunion.org

Дата публикации
22 ноября 2021
Дата обновления
22 ноября 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
10 июля 2026
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНЕ ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ
07 июля 2026
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы
Ақпарат
29 июля 2025
Дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу кезінде GPP стандартының сақталуын қамтамасыз ету шаралары туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы