ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № ЖЖМ-138 бұйрығымен өндірушінің дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағалары, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағалар бекітілді.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін ҚР Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелген.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұйрық ресми түрде 2021 жылдың 30 желтоқсанында жарияланды.
ҚР Әділет министрлігінде бұйрық 2021 жылы 29 желтоқсанда № 262221 болып тіркелді.
Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады:
http://10.61.42.188/rus/docs/V2100026221