Меню

Страницы

Статья

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНЕ ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ

Азаматтарға арналған жадынама

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (және оның аумақтық департаменттері) төмендегі мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды:

  • Медициналық қызметтің (көмектің) көрсетілуін мемлекеттік бақылау және қадағалау;
  • Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы;
  • Медициналық көмектің сапасы;
  • Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау;
  • Медицина қызметкерлерін сертификаттау және аттестаттау;
  • «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің 8 және 10-баптарына сәйкес басқа да мәселелер.

Өтініш берудің негізгі тәсілдері

1. «eOtinish» бірыңғай электрондық платформасы арқылы

eotinish.kz порталына немесе egov.kz арқылы кіріңіз.

Қадамдар:

  • ЭЦҚ немесе басқа сәйкестендіру тәсілі арқылы жүйеге кіріңіз.
  • «Өтініш беру» қызметін таңдаңыз.
  • Алушы ретінде Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетін немесе мәселе туындаған өңірдегі аумақтық департаментті таңдаңыз.
  • Өтініш нысанын толтырыңыз (аты-жөніңіз, байланыс деректері, өтініштің мәні).
  • Өтінішке ЭЦҚ-мен қол қойып, жіберіңіз.
  • Өтініштің қаралу барысын жеке кабинетіңізден бақылаңыз.

2. Жазбаша өтініш

Өтінішті пошта арқылы немесе кеңсеге жеке тапсыруға болады.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің орталық аппараты:

Мекенжайы: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 10, «Kazyna Towers» БО, 11-12 қабат.

E-mail: kmfk@dsm.gov.kz  

Кеңсе телефоны: 8 (7172) 74-27-68

Аумақтық департаменттер: ұйым орналасқан өңірдегі департаментке хабарласыңыз. Байланыс мәліметтері gov.kz сайтында және департаменттердің парақшаларында жарияланған.

3. Телефон арқылы кеңес алу

Түсіндіру және жедел көмек алу үшін жұмыс уақытында 8 (7172) 74-27-68 нөмірі бойынша немесе аумақтық департаменттердің қабылдау бөлімдеріне хабарласа аласыз.

Назар аударыңыз:

Өтініш Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 63-бабының талаптарына сәйкес рәсімделуі тиіс.

Өтініште міндетті түрде:

  1. жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса), пошталық мекенжайы немесе заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса);
  2. өтініш жолданатын мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның атауы;
  3. өтініштің мәні;
  4. өтініш берілген күні;
  5. өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы не электрондық цифрлық қолтаңбасы көрсетілуі қажет.

Комитеттің құзыретіне жатпайтын өтініштер 3 жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік органға жолданады. Бұл туралы өтініш берушіге хабарланады.

Егер аумақтық департаменттің жауабымен келіспесеңіз, бұрынғы құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеп, Комитеттің орталық аппаратына қайта жүгіне аласыз.

Өтінішті қарау мерзімі

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес:

  • Өтініштер, хабарламалар, сауалдар және ұсыныстар – 15 жұмыс күні ішінде қаралады.
  • Шағымдар – 20 жұмыс күні ішінде қаралады.
  • Қажет болған жағдайда қарау мерзімі (2 айдан аспайтын мерзімге) ұзартылуы мүмкін. Бұл туралы өтініш берушіге алдын ала хабарланады.

Комитеттің ресми сайты: www.gov.kz/memleket/entities/kmfk

Дата публикации
10 июля 2026
Дата обновления
10 июля 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
10 июля 2026
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНЕ ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ
07 июля 2026
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы
Ақпарат
29 июля 2025
Дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу кезінде GPP стандартының сақталуын қамтамасыз ету шаралары туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы