Меню

Страницы

Статья

Денсаулық сақтау саласында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне қадағалау өкілеттіктерін беру туралы

2025 жылғы 14 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына № 206-VIII ҚРЗ қол қойды.

Аталған заң аясында медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға қадағалау функциясы берілді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті қадағалау функциясының енгізілуіне байланысты 11 нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстарын жүргізуде.

Бақылау және қадағалау субъектілерінде (нысандарында) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болмауы анықталған жағдайда қызметті немесе оның жекелеген түрлерін (үдерістерін, әрекеттерін) тоқтата тұру түріндегі оперативтік әрекет шарасы қолданылады. Бұл шара қаулы тапсырылған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күнге дейін қолданылады.

Денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификаты болмаған жағдайда тұлғаны 30 (отыз) күнтізбелік күн мерзімге жұмыстан уақытша шеттету түріндегі оперативтік әрекет шарасы қолданылады.

Осы мамандық бойынша жалғыз маманның сертификаты болмаған жағдайда қызметті немесе оның жекелеген түрлерін (үдерістерін, әрекеттерін) 90 күнге дейін тоқтата тұру және тұлғаны 30 күнге жұмыстан уақытша шеттету түріндегі оперативтік әрекет шаралары қатар қолданылады.

Дата публикации
29 июля 2025
Дата обновления
29 июля 2025
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
10 июля 2026
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНЕ ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ
07 июля 2026
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы
Ақпарат
29 июля 2025
Дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу кезінде GPP стандартының сақталуын қамтамасыз ету шаралары туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы