Меню

Страницы

Статья

Қазақстандықтар қандай дәрілерді жиі сатып алады?

Қазіргі таңда қазақстандықтар қандай дәрі-дәрмекті көп сатып алады? Елімізде дәрілердің әрбір қаптамасына арнайы таңбалау енгізілген соң, бұл сұраққа нақты жауап беруге мүмкіндік туды. Енді мемлекет әрбір дәрінің жолын - өндірістен бастап тұтынушыға дейін - қадағалай алады.

АЯУЛЫМ ДІНМҰХАММЕДҚЫЗЫ, ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

2024 жылдың 1 шілдесінен бастап 446 млн дәрілік заттар таңбаланып, оның ішінде 326 млн дәрілік заттар қазір бөлшек саудада және мед организациялар, яғни медициналық ұйымдарда айналымда жүріп жатыр. Оның ішінде бөліп айтатын болсам бөлшек саудада яғни дәріханаларда қазіргі таңда бүгінгі күнгі деректер бойынша 121 млн қаптама қабылданып, оның ішінде 84,5 млн қаптама бөлшек саудадан шығарылды.

Былтырдан бастап таңбаланған дәрі-дәрмектердің жалпы саны 417 миллион қаптамаға жеткен. Оның ішінде: 252 млн - шетелдік препарат, 165 млн - отандық өнім.

Қазақстанда ең көп сатылатын дәрі - парацетамол. Бір жыл ішінде оның 3 миллион қаптамасы сатылған. Одан кейін: Натрий хлориді, Этил спирті, аспирин, Цитрамон П. Бұл дәрілер көбіне суық тию, бастың немесе дененің ауырсынуына байланысты жиі қолданылатын қарапайым әрі қолжетімді препараттар.

БАУЫРЖАН МЫРЗАТАЕВ, TAÑBA БІРЫҢҒАЙ ТАҢБАЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ ОПЕРАТОРЫНЫҢ ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:

Бір апта мерзімде қарасақ бізде ең көп таңбаланған дәрілердің сатылу күндері ол - сейсенбі және сәрсенбі күндері. Одан кейін апта соңына дейін бұл көрсеткіш азайып, жексенбі күні ең төмен сатысына жетеді.

ТАЛҒАТ ОМАРОВ, ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗ ДӘРІХАНАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сол таңбаны упаковкаға таңбалайтын машина алу керек. Ол машиналарыңыз өндіретін зауыттарға өте қымбатқа түседі. Үлкен потокты жақсы скоростпен шығару үшін олар 200мың доллар, 300 мың доллар тұрады. 1 линейка емес, 10-15 шақты линейка тұрады.

Таңбалау жүйесі дәрі-дәрмек нарығына ашықтық әкелді. Енді қай өңірде қандай дәрі көбірек өтіп жатқанын, аптаның қай күні сұраныс артатынын нақты білуге болады. Бұл тұрғындар үшін қауіпсіздік, ал мамандар үшін маңызды аналитика көзі.

Материалға сілтеме. 

Дата публикации
29 июля 2025
Дата обновления
01 августа 2025
Тип
Сұхбат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
10 июля 2026
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНЕ ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ
07 июля 2026
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы
Ақпарат
29 июля 2025
Дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу кезінде GPP стандартының сақталуын қамтамасыз ету шаралары туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы