ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-159 бұйрығымен ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 тамыздағы №ҚР ДСМ-94 «Дәрілік заттың саудалық атауына өндірушінің шекті бағаларын, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Осы бұйрықпен көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін дәрілік заттардың 6 715 сауда атауының шекті бағасы бекітілді.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ресми жариялау 2022 жылдың 30 желтоқсанында өтті.
Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: http://10.61.42.188/kaz/docs/V2200031316
Естеріңізге сала кетейік, DariKZ мобильді қосымшасының көмегімен пайдаланушылар дәрі-дәрмектің белгіленген шекті бағасымен таныса алады, сондай-ақ дәріханадағы дәрі-дәрмектің құны шекті рұқсат етілген бағадан асып кетсе, шағым бере алады.