Ботулинотерапия процедурасы соңғы жылдары әйелдер арасында кең таралды. Бұл әжімдерді кетіруге және теріні хирургиялық араласусыз тегіс ұстауға көмектеседі.
Бүгінгі таңда эстетикалық медицина нарығы инъекцияның әртүрлі түрлерінің үлкен таңдауын ұсынады. Бүгінгі таңда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізіліміне сәйкес ҚР-да 12 дәрілік зат тіркелген. Олар «Ботулакс», «Ксеомин», «Вистабель», «ФОРТОКС®», «Диспорт®», «Нейронокс» сауда атауларымен ұсынылған.
Барлық аталған дәрі-дәрмектер тек дәрігердің рецепті бойынша қол жетімді. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасында рецептуралық дәрілік заттар рецептісіз іске асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өту қажет. Дәрі-дәрмектерді заңсыз қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған.
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті инъекцияларды өз бетінше енгізбеуге, тек қана сертификатталған мамандардың қызметтерін пайдалануға және елімізде тіркелген, дәрігердің рецепті бойынша жазылған дәрілік заттарды ғана сатып алуға қатаң кеңес береді.
Мамандарға барар алдында ұйымның сіз таңдаған процедураларды жүргізуге лицензиясы бар екеніне көз жеткізіңіз. Мұны ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің сайтында жасауға болады, онда біз медициналық қызметке лицензия алған мекемелердің тізімін жарияладық.
Сіз оны сілтеме арқылы таба аласыз:
https://www.gov.kz/memleket/entities/kmfk/documents/details/415810?lang=ru