Меню

Страницы

Статья

ҚАЗАҚСТАНДА СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҢЫЗДЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ БЕКІТІЛДІ

4810 халықаралық патенттелмеген атаулар (ХПА) стратегиялық маңызды дәрілік заттар тізбесіне кірді. Дәл осы тізімге ДДСҰ сәйкес жаңа анатомиялық-терапевтік-химиялық кодтар бойынша жаңа ХПА, сондай-ақ ХПА жоқ дәрілік заттар кірді. Тізбе ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 3 наурыздағы №35 бұйрығымен бекітілген.

Бұл тізімге 1 классы, 2а классы, 2б классы, 3 классы ықтимал қолданудың тәуекел дәрежесіне байланысты стратегиялық маңызды медициналық бұйымдар, сондай-ақ in vitro (ин витро) тірі организмнен тыс диагностикалауға арналған медициналық бұйымдар кірді.

Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2023 жылғы 3 наурыздағы №34 бұйрығымен «Дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бұл бұйрықтар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тапшылығының алдын алу және олардың елде қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның стратегиялық маңызды дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесін және оларды тіркеу тәртібін бекітуі бойынша жаңа құзыреттің енгізілуіне байланысты әзірленді.

Стратегиялық маңызды дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар-медициналық қолдануға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар:

- әскери іс-қимылдар және олардың салдарларын жою;

- төтенше жағдайлардың туындауы, алдын алу және салдарларын жою;

- жаңа аса қауіпті инфекциялық аурулардың туындау, таралу қатері және олардың салдарларын жою;

- қолайсыз химиялық, биологиялық, радиациялық факторлардың әсері салдарынан болған аурулар мен зақымданулардың профилактикасы, оларды диагностикалау, емдеу, сондай-ақ олардың салдарларын жою;

– Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ең болмағанда біреуіне қатысты шектеуші экономикалық шараларды енгізу жағдайында мүше мемлекеттердің нарықтарында дәрілік заттардың немесе медициналық бұйымдардың болмауы немесе болмау қатері жағдайларында медициналық қолдануға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар.

Тізіммен сілтеме бойынша танысуға болады:
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032025

№34 бұйрықтың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032026

Дата публикации
19 мая 2023
Дата обновления
05 апреля 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
10 июля 2026
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНЕ ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ
07 июля 2026
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы
Сұхбат
29 июля 2025
Қазақстандықтар қандай дәрілерді жиі сатып алады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы