ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығына денсаулық сақтау менеджерлерінің басқарушылық қызметке дайындығын растау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу туралы куәлік берді.
Өтінім беру рәсімі Ұлттық Тәуелсіз емтихан орталығының ақпараттық платформасында жүргізіледі («exam.ncie.kz»). Ол үшін үміткер сайтқа тіркеліп, өтінім беріп, қажетті құжаттарды тізім бойынша pdf немесе jpeg форматында тіркеуі қажет.
Дайындықты растау рәсімі бойынша консультация алу үшін 8 (7172) 95-95-95 Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығының call-центріне хабарласу қажет.
Аталған орталықтың қорытындысы менеджерлерге «eGov» және «e-license» порталы арқылы Комитеттің аумақтық департаментіне денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын алу үшін өтінім беруге мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын алу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-254/2020 бұйрығымен денсаулық сақтау саласындағы менеджерді сертификаттауды жүргізу, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының қолданысын растау қағидаларын бекіту туралы қағидаларында регламенттелген.