Меню

Страницы

Статья

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНЕ «DAMUMED» ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫ БЕРІЛДІ

17 мамырда ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Отырысқа орталық мемлекеттік органдардың, Бас прокуратураның, БҚДА, ҚМА және басқа да ведомстволардың басшылары қатысты.

Комиссия Денсаулық сақтау саласында ақпараттық қызметтер көрсету нарығында бәсекелестікті дамыту жөніндегі шараларды қарады.

Бүгінгі таңда нарықтың 80% - дан астамын «Даму» АТО» ЖШС-не тиесілі «Damumed» жүйесі қамтиды.

Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның тапсырмасын орындау мақсатында «Даму» АТО» ЖШС Денсаулық сақтау министрлігіне әзірленіп жатқан «Е-Денсаулық» жүйесінің базасында медициналық деректердің бірыңғай республикалық қоймасын құру және олардың медициналық ұйымдар арасында алмасуын іске асыру үшін «Damumed» деректер базасын берді.

Өз кезегінде, бұл үшінші тарап жеткізушілеріне медициналық ұйымдарға бәсекелестік негізде тиісті қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұл шара республикалық деңгейде медициналық ақпараттық жүйелер арасында деректер алмасудың толыққанды тетігінің болмауы себебінен қолданылды. Дәл осы жағдай нарықта бәсекелестікке жатпайтын жағдайларды қалыптастырды, нәтижесінде қазақстандық медициналық ұйымдардың бір медициналық ақпараттық жүйеден екіншісіне ауысу қиындықтары туындады.

Үкімет басшысы «Е-Денсаулық» жүйесін құру бойынша жұмысты жеделдету және осы саланы реттеудің тиімділігін арттыру бойынша заңнамалық түзетулер дайындау қажеттігін атап өтті.

Дата публикации
19 мая 2023
Дата обновления
18 мая 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
10 июля 2026
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНЕ ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ
07 июля 2026
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы
Сұхбат
29 июля 2025
Қазақстандықтар қандай дәрілерді жиі сатып алады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы