Меню

Страницы

Статья

АЛМАТЫДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН БАЛАЛАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ

С. Ж. Асфендияров атындағы «Қазақ ұлттық медицина университеті» базасында Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, ДДСҰ, Юнисеф, денсаулық сақтау басқармалары мен медициналық жоғары оқу орындарының өкілдерінің қатысуымен балаларға медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Қатысушылар алдында ҚР ДСМ МФБК медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау басқармасының басшысы Әсем Мергенбаева баяндамамен сөз сөйледі. Спикер медициналық көмек көрсету бөлігіндегі өзекті мәселелерді қозғады, Комитетке келіп түскен негізделген шағымдардың саны өскенін атап өтті. Ол жағдайды жақсартатын және пациенттердің қанағаттану деңгейін арттыратын шешу жолдарын ұсынды.

«Пациенттерді қолдау қызметінің тиісті және тиімді жұмыс істеуімен медициналық ұйымның өзін ұйымдастыру мен басқаруда жақсару, медициналық көмектің сапасын арттыру күтілетінін атап өткім келеді. Пациенттердің проблемаларын сол жерде және мерзімінде шешу кезінде пациенттердің қанағаттанушылығы артады, тәуекелдерді талдау, инциденттер бойынша түбірлік себептерді талдау, индикаторларды талдау үшін жедел және жүйелі жинау, деректерді валидациялау, медициналық карталардың аудиті жүргізіледі, бұл тәуекелдерді нәтижелі басқаруға, стандарттарды енгізуді үйлестіруге, медициналық ұйымның ішкі процестерін жақсарту бойынша жаңа жобалардың пайда болуына әсер етеді. Нәтижесінде медициналық көмектің сапасын арттыру және пациенттердің қанағаттануы көзделуде», - деп атап өтті А. Мергенбаева.

Сондай-ақ, А. Мергенбаева шағымдар мен өтініштердің алдын алу, деректерді жинау мен талдаудың жеделдігін, бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз ету, бақылау функцияларының сапасы мен тиімділігін арттыру жөніндегі комитеттің жұмысы туралы айтып берді, бұл көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына оң әсер етеді.

Балалардың жалпы сырқаттанушылық көрсеткіші 2022 жылдың қорытындысы бойынша 100 000 балаға шаққанда 4,3%-ға, бастапқы сырқаттанушылық көрсеткіші 6,0%-ға төмендеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша балаларды скринингпен қамту 12%-ға артты. 2022 жылы 2024 жылға дейін балалар онкогематологиялық көмегін жетілдіру бойынша жол картасы бекітілді.

Дата публикации
19 мая 2023
Дата обновления
14 апреля 2023
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
10 июля 2026
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНЕ ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ
07 июля 2026
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы
Ақпарат
29 июля 2025
Дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу кезінде GPP стандартының сақталуын қамтамасыз ету шаралары туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы