Қандай дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды онлайн сату, тіпті тіркелген болса да, мүлде тыйым салынған?
Келесі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуге тыйым салынады:
- Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген;
- сапасы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен сәйкестік сертификатымен расталмаған;
- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнама талаптарына сай келмейтін;
- жарамдылық мерзімі өткен;
- медициналық ұйымдардағы медицина қызметкерлерімен (осы баптың 6-тармағында көзделген ауылдық елді мекендердегі жағдайларды қоспағанда);
- дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды уақытша сақтау қоймалары арқылы.
(Қазақстан Республикасы Кодексінің 233-бабы, 4-тармақ).