Қазақстан Республикасының қандай заңнамалық нормалары тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, соның ішінде маркетплейстер арқылы онлайн сатуға тікелей тыйым салады?
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген, сапасы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен сәйкестік сертификатымен расталмаған, сондай-ақ осы заңнама талаптарына сай келмейтін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізуге тыйым салынады (Қазақстан Республикасы Кодексінің «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 233-бабының 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшалары).
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада сату тіркеуден өткен, сапасы расталған өнімдерді фармацевтикалық қызметке лицензиясы бар немесе қызметті бастағаны туралы хабарлама жасаған субъектілерден сатып алу, сондай-ақ тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды халыққа, жеке медициналық тәжірибемен айналысатын, медициналық қызметке лицензиясы бар немесе қызмет бастағаны жөнінде хабарлаған жеке тұлғаларға және рецептсіз босатылатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өзге ұйымдарға сату жағдайында жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығымен бекітілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларының 18-тармағының 3) және 4) тармақшалары).