Косметологиялық орталықтар мен пластикалық хирургия клиникаларына бару кезінде тұтынушыларға арналған жадынама

Косметологиялық орталықтар мен пластикалық хирургия клиникаларына бару кезінде тұтынушыларға арналған жадынама

Бұған дейін біз қазіргі таңда медицина нарығында косметологиялық орталықтар мен пластикалық хирургия қызметтеріне сұраныс жоғары екендігі туралы бірнеше рет жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, жыл сайын әртүрлі күрделіліктегі дерматокосметологиялық қызметтердің сапасына қатысты шағымдардың саны артып келе жатқанын да назарларыңызға салған едік.

Өкінішке қарай, сұлулық пен тиімді бағаны қуалай отырып, азаматтар жиі тексерілмеген мамандарға жүгінеді, бұл өз кезегінде күтпеген асқынуларға әкеліп соғады.

Мұндай орталықтарда көрсетілетін қызметтер барысында медициналық манипуляциялар жүргізілетінін түсіну қажет. Демек, мұндай қызмет түрлері медициналық қызметке жатады және міндетті түрде лицензиялануға тиіс.

Осыған байланысты, келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін төмендегі нұсқаулықтарды орындауға кеңес береміз:

  • Маманға жүгінбес бұрын, ұйым мен маманның лицензиясы мен тиісті сертификаты бар екеніне көз жеткізіңіз;

  • Инъекциялық косметологиялық қызметтер (мезотерапия, биоревитализация, ботулинотерапия және т.б.) жүргізу үшін міндетті түрде келесі лицензия болуы керек:

    • «Дерматовенерология (дерматокосметология)» қызмет түрі бойынша медициналық қызметке лицензия;

  • Егер пластикалық операциялар жүргізілетін болса, онда:

    • «Пластикалық хирургия» қызмет түрі бойынша лицензия болуы тиіс;

  • Мұндай процедураларды орындайтын маманның келесі мамандықтар бойынша маман сертификаты болуы керек:

    • Дерматовенерология (дерматокосметология);

    • Пластикалық хирургия.

Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің сайтында дерматовенерология және пластикалық хирургия бойынша медициналық қызметке лицензия алған мекемелердің тізімі жарияланған.

Танысу үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз:
👉 https://www.gov.kz/memleket/entities/kmfk/documents/details/415810?lang=ru

Вопросы
Дата публикации
26 сентября 2025