Дәрілік препаратты қолданнан (жалған дәріден) қалай ажыратуға болады?

Дәрілік препаратты қолданнан (жалған дәріден) қалай ажыратуға болады?

Көп адамдар білмейді, бірақ "дұрыс" дәріні жалғанынан ажыратудың бірнеше қарапайым тәсілдері бар.
Бірінші кезекте жасау керек нәрсе — дәрілік заттың қаптамасын мұқият зерттеу.
«Ең алдымен, ол бүлінбеген, мыжылмаған, бүтін болуы тиіс. Онда міндетті ақпарат болуы керек: бұл дәрі сериясының нөмірі, оны өндіру күні мен жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, сондай-ақ штрихкод пен тіркеу нөмірі. Қаптамаға міндетті түрде медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық салынуы тиіс, ол мемлекеттік және орыс тілдерінде, грамматикалық қателерсіз, баспа әдісімен басылған болуы қажет. Блистерді немесе флаконды қарап шығыңыз. Егер ол сұйық дәрі болса, оның көлемін, ал таблетка болса — санын тексеріңіз. Қаптама мен блистерде көрсетілген жарамдылық мерзімін тексеріңіз. Нұсқаулықта дәрінің түрі, түсі, гравировкасының болуы, таблеткалар саны көрсетіледі. Барлық мәліметтерді ішіндегісімен салыстырыңыз. Әдетте, қаптаманың сыртқы түрі өзгермейді, өйткені кез келген "түзетулер" ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде тіркелуі тиіс. Егер сізге қаптаманың сыртқы түрі күдік тудырса, провизордан дәл осы дәрі партиясына арналған сәйкестік сертификатын сұрауға болады».

Айтпақшы, сертификат жайлы. Бұл құжатта қаптамада көрсетілген барлық мәліметтер болуы тиіс. Сіздің алғашқы сұранысыңыз бойынша дәріханада сертификатты көрсетуге міндетті.
Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықта оның сыртқы түрі туралы мәліметтер болуы тиіс — мысалы, сары түсті дөңгелек таблеткалар. Сондықтан онда жазылған нәрсе нақты көрінісімен сәйкес келуі керек.
Егер препараттың сыртқы түрі қандай да бір күмән тудырса, қауіпсіздік пен сапаға бағалау (сәйкестік сертификаты) талап етілуі мүмкін. Құжатта қаптамада көрсетілген барлық мәліметтер қайталанады. Барлық атауларды, дәрі сипаттамаларын, сондай-ақ қаптамадағы және сертификаттағы серияны салыстыру қажет, олар сәйкес келуі тиіс.
Егер сіз дәрілерді онлайн дәріханалар арқылы сатып алсаңыз, онда мұндай дәріхананың шынымен бар екеніне көз жеткізіңіз. Препараттың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тізілімінде тіркелгенін және DariKZ мобильді қосымшасы арқылы тексеріңіз.

Вопросы
Дата публикации
26 сентября 2025