Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс (бұдан әрі – конкурс) жариялайды.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 010000, Астана қаласы, Мәнгілік Ел даңғылы 10, «Kazyna Towers» БО.
Кәсіпорынның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Амангелді Иманов көшесі, 13 үй.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау;
Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін және сапасын бағалау.