Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Байқау кеңесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директоры – Басқарма төрағасының (бұлан әрі – Басшы) бос лауазымына іріктеу мақсатындағы конкурс (бұдан әрі – Конкурс) жариялайды.
Конкурс өткізу орны: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Амангелді Иманов көшесі, 13 ғимарат.
Кәсіпорын атауы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын).
Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Амангелді Иманов көшесі, 13 ғимарат, телефон 8 (7172) 235-135, электрондық поштасы k.saparbekov@dari.kz.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау;
2) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау.
Басшының негізгі лауазымдық міндеттері:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және Байқау кеңесінің шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
2) Кәсіпорынның өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдеріне, Кәсіпорын мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады;
3) ұйымның саясатын, қызмет стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырылу нысандары мен әдістерін енгізуді және олардың қолданыстағы түрлерін жетілдіруді қамтамасыз етеді;
4) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды;
5) үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста Кәсіпорын атынан әрекет етеді, сондай-ақ оның үшінші тұлғалармен қарым-қатынасында Кәсіпорын атынан өкілдік ету құқығына сенімхаттар береді;
6) банктік шоттар ашады, бұйрықтар шығарады және барлық қызметкерлер үшін міндетті нұсқаулар береді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кәсіпорын қызметкерлерін қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, оларды көтермелеу шараларын жолға қояды және тәртіптік жазалар қолданады және т.б.
8) Кәсіпорын Жарғысымен айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік берілгені туралы куәлік (немесе сертификат);
немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау» немесе «Бизнес және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВA немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты (конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде тиісті құжатты ұсынады);
басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы.
Конкурсқа қатысушылар мыналарды білуі тиіс:
1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі, «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
сондай-ақ қазіргі замандық басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері; денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері; ұйым қызметін басқарудың экономикалық әдістері және талдауы; медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы; денсаулық сақтау саласындағы адам ресурстарын басқарудың үздік тәжірибелері; тұрғылықты халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистика, критерийлер және көрсеткіштер; отандық медицинаның қазіргі замандық ғылыми жетістіктері, денсаулық сақтауды басқарудағы халықаралық тәжірибе; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен нормалар; төтенше оқиға жағдайларында қызметті ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдауды бастау және аяқтау күні: 2024 жылғы 2 және 16 тамыз аралығында.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттар ұсынады:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурс жариялаған Кәсіпорынға хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарын электрондық түрде құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталатын күнге дейін ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталуына дейінгі бір сағаттан кешіктірмей ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурсқа қатысушы өзінің білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) бере алады.
Конкурсқа жіберілген үміткерлермен әңгімелесуді Кәсіпорынның Байқау кеңесі жүргізеді.