«Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне 2022 жылдың 24 қарашадан бастап бірқатар өзгерістер енгізілді:
- Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы тиісті емес және дәйексіз мәліметтерді/құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушілер Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес тыңдауды жүргізеді.
- Кәсіби еңбек қызметінің уақыты бойынша жағдайларға байланысты мамандардың қолда бар сертификатын сертификаттау және растау жөніндегі рәсім бөлінеді. Мамандық бойынша сертификаты бар маман расталған кезде-білім мен дағдыларды бағалау нәтижесі жазылмайды.
- Мәліметтер нысанында көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисінің деректеріне сәйкес мәлімделген мамандық немесе мамандану бойынша Медициналық қызметті жүзеге асыруға тыйым салудың болуы не болмауы туралы мәліметтерді көрсетуі тиіс.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы ҚР ДСМ-218/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандық бойынша маман сертификатын және мамандандыру бойынша маман сертификатын алу рәсімі бөлінді.
Ескертпе: Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау қағидаларындағы өзгерістерді ескере отырып (ҚР ДСМ 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ 274/2020 бұйрығы). «ҰАТ» АҚ «elicense.kz» порталды өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.