2026 жылдың екінші жартыжылдығына арналған медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізімін бекіту туралы

№ 236 от 12.05.2026

  

2026 жылдың екінші жартыжылдығына арналған  медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізімін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 141-бабының 4 және 7-тармақтарына, 144-2-бабының 4-тармағына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі
30-бабының 4-тармағына, «Медициналық қызметтерді көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысының сапасы салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы                                 15 қарашадағы № ҚР ДСМ-32 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 70 бірлескен бұйрығының
1-тармағының 1) тармақшасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17744 тіркелді), «Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тәуекелі жоғары, орташа және төмен субъектілердің (объектілердің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы
20 қазандағы № ҚР ДСМ – 144/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21483 тіркелді), «Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерінің нысанын және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдеріне өзгерістер енгізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 182 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29580 тіркелді) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2026 жылдың екінші жартыжылдығына арналған медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізімі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет):

1)       заңнамада белгіленген мерзімде бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық жиынтық тізімін қалыптастыру үшін бекітілген тізімді құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жіберсін;

2)       осы бұйрықты Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының назарына жеткізсін;

3)       осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тізімдерге сәйкес медициналық қызмет (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуге бақылауды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енетін осы бұйрықтың 2-тармағын қоспағанда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі                                                   А. Әлназарова

Дата публикации
12 мая 2026