GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Комитет туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
20 октября 2026
Қызылордада мемлекеттік күзетілетін объектілердің терроризмге қарсы қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Қызылорда облысында терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ықтимал қауіп-қатерлердің алдын алу мақсатында арнайы жиын өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің терроризмге қарсы орталығының қызметкерлері Қызылорда облысы Полиция департаментінің Күзет қызметін бақылау бөлімінің өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырды.

Жиын мемлекеттік күзетілетін объектілердің басшылары мен қызметкерлеріне арналды. Кездесу барысында терроризмге қарсы қорғалу талаптары, ықтимал қауіп-қатерлердің алдын алу шаралары және төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету тәртібі түсіндірілді.

Мұндай іс-шаралар қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, терроризм қатерлеріне дайындық деңгейін арттыруға және мемлекеттік күзетілетін объектілерде қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

10 октября 2026
Көкшетауда «Жас сақшы» сыныбы ашылды

2026 жылғы 9 қазанда Көкшетау қаласындағы №21 мектеп-лицейінде ІІМ Күзет қызметін бақылау комитеті Ақмола облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ұйымдастыруымен «Жас сақшы» сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға басқарма басшылығы, мектеп директоры, ішкі істер органдарының ардагерлері мен ұстаздар қатысты.

Салтанатты рәсім барысында оқушылар «Жас сақшы» антын қабылдап, арнайы куәліктерге ие болды.

«Жас сақшы» сыныбының негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік, тәртіп пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру, заңға құрмет сезімін тәрбиелеу және құқықтық мәдениетін арттыру.

05 октября 2026
ІІМ орталық аппараты қызметкерлері арасында практикалық ату бойынша турнир өтті

Турнир қорытындысы бойынша командалық есепте:

🥇 1-орын – ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы;

🥈 2-орын – ІІМ Арнайы күштер және жедел басқару департаменті;

🥉 3-орын – ІІМ Күзет қызметін бақылау комитеті.

24 сентября 2026
Қазақстанның күзет ұйымдары қауымдастығының есеп беру-сайлау жиналысы өтті

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында «Қазақстан Республикасының күзет ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі мүшелерінің жалпы есеп беру-сайлау жиналысы өтті.

Жиын барысында күзет саласын дамыту, күзетілетін объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күзет ұйымдарының біліктілік талаптарына сәйкестігі және күзет қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды.

Іс-шарада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы полиция полковнигі Молдаханов Дархан Маханұлы құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік органдар мен жеке күзет ұйымдары арасындағы сындарлы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар күзет қызметін одан әрі дамыту бағыттарына тоқталды.

Жиналыс аясында Қауымдастық әкімшілігінің және тексеру комиссиясының есептері тыңдалып, сала өкілдерінің баяндамалары мен ұсыныстары қаралды. Сондай-ақ Қауымдастық президентін, президиумын және тексеру комиссиясын сайлау рәсімдері өткізілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша күзет саласының дамуына елеулі үлес қосқан және қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген жеке күзет ұйымдарының басшыларына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің грамоталары табысталды.

22 сентября 2026
Бронзовая медаль чемпионата мира

Әлем чемпионатында қола медаль

Челябинск қаласында «Нағыз шынайы айқас» бағыты бойынша әлем чемпионаты өтті.

Халықаралық жарыста Қазақстан Республикасының ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің Ақмола облысы МКҚБ аға инспектор-психологы, полиция лейтенанты Кайдуова Мадина Жасланқызы Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетіп, жүлделі III орынға ие болды.

Мадина Жасланқызы әлемнің үздік спортшылары арасында жоғары шеберлігі мен кәсіби дайындығын, сондай-ақ табандылығы мен төзімділігін көрсетті.

Қызмет пен спортты қатар алып жүрген Мадинаны әлем чемпионатының қола жүлдесімен құттықтаймыз!

18 сентября 2026
ІІМ қызметкерлері арасындағы республикалық чемпионатта күміс жүлде

Шымкент қаласында ішкі істер органдары қызметкерлері арасында шағын футболдан республикалық чемпионат өтті.

Жарысқа еліміздің өңірлерінен, ведомстволық бөлімшелерден және ІІМ оқу орындарынан 27 команда қатысты.

Чемпионат қорытындысы бойынша:
1-орын – Шымкент қаласы Полиция департаментінің құрама командасы;
2-орын – ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің құрама командасы;
3-орын – Павлодар облысы Полиция департаментінің командасы.

Сонымен қатар, чемпионаттың «Үздік қорғаушысы» атағына ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің Астана қаласы МКҚБ полицейі, полиция сержанты Садықбеков Бақыт Ғалымжанұлы ие болды.

Күзет қызметін бақылау комитетінің құрама командасын жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

12 сентября 2026
Ұзақ жылдарғы адал қызметке – құрмет

ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінде ішкі істер органдарында ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарған полиция полковниктері Авкубаев Ермек Ануарбекұлы мен Қыдыркен Қуат Жұмағазыұлын зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Комитет басшылығы мен жеке құрам қатысты.

Комитет төрағасы, полиция полковнигі Молдаханов Дархан Маханұлы әріптестеріне көп жылғы адал еңбегі мен қызметіне қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, зейнеткерлерге зор денсаулық, отбасылық амандық және игілік тіледі.

Шара барысында ардагерлерге естелік сыйлықтар табысталып, ізгі тілектер айтылды.

10 сентября 2026
Жетісу облысында «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды

Жетісу облысының Қаратал ауданындағы Үштөбе қаласында Кемел Тоқаев атындағы орта мектепте «Жас сақшы» полиция сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Күзет қызметін бақылау комитетінің Алматы облысы және Жетісу облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ұйымдастыруымен өткізілді.

Жобаның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, патриоттық тәрбиені нығайту, отансүйгіштік қасиеттерді дамыту және өскелең ұрпақтың ішкі істер органдары қызметіне деген қызығушылығын арттыру.

Салтанатты рәсім барысында оқушылар «Жас сақшы» қатарына қабылданып, Ант берді. Оларға арнайы куәліктер табысталды.

Жаңа полиция сыныбына 2011 жылдың қараша айында қызметтік міндеттерін орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция аға сержанты Полат Күйшібайұлы Аянқұловтың есімі берілді. Бұл – жас ұрпаққа батырлық пен Отанға адал қызмет етудің үлгісін насихаттауға бағытталған маңызды бастама.

Іс-шараға басқарма бастығы, полиция полковнигі Қайрат Қуанышұлы Жарқынбаев, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері және Үштөбе қаласының әкімі қатысты.

04 сентября 2026
Астанада «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды

Астана қаласындағы №34 Барлыбек Сырттанұлы атындағы орта мектепте «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды.

Бастама Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Күзет қызметін бақылау комитетінің Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастамасымен жүзеге асырылды.

Жаңа сынып қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған полиция аға сержанты Аянқұлов Полат Күйшібайұлының есімімен аталды.

Салтанатты іс-шараға мектеп басшылығы, ұстаздар мен оқушылар, сондай-ақ полиция қызметкерлері қатысты. Жиын барысында жасөспірімдерге полиция қызметінің маңызы, Отанға адал қызмет ету және қоғамдық тәртіпті сақтау жауапкершілігі туралы айтылды.

«Жас сақшы» сыныбы оқушылардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға, құқықтық сауаттылығын арттыруға және болашақ мамандығын таңдауға бағыт-бағдар беруге арналған.

Ерлік – ел есінде. Батырдың өнегесі – ұрпаққа аманат.

03 сентября 2026
Полиция қызметкерлері «Білім күні» мерекесіне қатысты

1 қыркүйекте ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің аумақтық бөліністері білім беру ұйымдарында өткен «Білім күні» салтанатты іс-шараларына қатысты.

Бірінші сынып оқушыларына арнайы бояу кітапшалары табысталып, қауіпсіздік пен құқықтық сауаттылық бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, «Жас сақшы» полиция сыныптарының оқушыларымен «Полиция және балалар» тақырыбында кездесулер ұйымдастырылды.

Іс-шаралардың мақсаты – жастардың құқықтық және патриоттық мәдениетін қалыптастыру, заңға құрмет сезімін арттыру және полиция қызметіне деген сенімді нығайту.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Қазақстан Республикасының Конституциясы
"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заң