Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитеті
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлінісі болып табылады
Функциялары:
- Күзет қызметi, жеке күзет ұйымында басшы және күзетшi лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi мамандандырылған оқу орталықтарының қызметi, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау;
- Террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалуының
жай-күйіне мемлекеттік бақылау;
- Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің және жеке тұлғалардың, сондай-ақ
Вена конвенцияларына сәйкес Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық миссиялар объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылау.